Қазақстанның 100-ден аса тәжірибелі ұшқышы шетелге кетіп қалған

944

Қазақстанның 100-ден аса тәжірибелі ұшқышы шетелге кетіп қалған

Соңғы екі жылда қазақстандық 100-ден астам тәжірибелі ұшқыш шетелге кетіп қалған. Сондықтан Азаматтық авиация комитеті елімізге посткеңестік елдердің пилоттарын тартуға мәжбүр. Ал авиация академиясын тәмәмдаған ұшқыштар жұмыссыз жүр, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ұшқыш болу қомақты ақшаны керек етеді. Мәселен, әуе компаниялары инструменталды рейтингті талап етеді. Оқуды тәмәмдаған әр түлектің рейтингі болады. Бірақ бір жылда жұмысқа орналаспасаң, ол жарамай қалады. Қайта оқып шығу үшін 1,5-2 миллион теңге керек. Белгілі бір ұшақта машықтануға да қаржы қажет. Мысалы, Boeing-737-ні басқарып үйрену құны 8 мың еуро шамасында.

Алайда, академия басшыларының уәжі басқа. Түлектердің жұмысқа орналасуында  айтарлықтай қиындық жоқ, көрсеткіш 2015 жылы 87, ал 2016 жылы 84 пайызды құрады, дейді маман. 

"Жұмысқа орналасу жағын үнемі тексеріп, информация жинап отырамыз. Сондықтан қазіргі таңда 56 курсант бітірсе, айттым ғой, сол 56-сының 49-ы ғана жұмыста. Қалғандары басқа жұмыстар істеп жатқан көрінеді. Академияда біз барлық ұшақтар түрін қамти алмаймыз. Авиакомпанияларда, мәселен, неше түрлі ұшақтар бар. Боинг дейміз, эйрбастар дейміз, тағыда басқа ұшақ түрлері көп. Қосымша сол ұшақтарға байланысты оқудан өтуі керек. Астана қазақстандық ұшқыштардың көбісі қазір Қытай, Вьетнам, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд әуе компанияларына жұмыс істеуге кетіп жатыр",- дейді азаматтық авиация комитеті өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу