"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының дауыс беру кезеңі аяқталуда

954

Биылғы жылдан бастап, конкурсқа қатысуға кез келген Қазақстан азаматы жасына қарамастан өтініш бере алады.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының дауыс беру кезеңі аяқталуда

12 сәуірде "Қазақстанның 100 жаңа есім" жобасына қатысушы кандидаттар үшін дауыс беру мерзімі аяқталады. Әр азамат өзі таңдаған үміткерге бүгін сағат 18.00-ге дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында дауыс бере алады, деп хабарлайды  inbusiness.kz "Рухани жаңғыру" ҚҚДИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үшін 100janaesim.ruh.kz сайтындағы кандидаттың парақшасына өтіп, "дауыс беру" батырмасын басу және әлеуметтік желілер немесе e-mail арқылы авторизациядан өту керек.

Биылғы жылы жобаға қатысушы үміткерлер жеті бағыт бойынша іріктелетін болады. Олар: қоғам, мәдениет және спорт, медицина, ғылым және инновация, бизнес, экология және білім. 2021 жылғы байқауға 2790 қазақстандық азамат өтінім берді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жобаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Биылғы жылдан бастап, конкурсқа қатысуға кез келген Қазақстан азаматы жасына қарамастан өтініш бере алады, сонымен қатар, жобаға экология бағыты қосылды және өткен жылдардың жеңімпаздары қазылар алқасының құрамына енді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолға алуымен басталған бұл жобаның бүгінге дейін үш маусымы өтіп, оған барлығы 6 мыңнан астам адам қатысуға өтініш білдірген. Жалпы жеңімпаздарының саны әзірге 163 адам. Жеңімпаздардың қатарында айтыскер Бекарыс Шойбеков, кардиолог Бауыржан Рақышев, композитор Иманбек Зейкенов, суретші Қанат Нұртазин, архитектор Асқат Сәдуов сынды көптеген еліміздің мақтаулы тұлғалары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу