"Қазақстанның 100 жаңа есіміне" дауыс беру басталды

1112

"100 жаңа есім" жобасының IV маусымы қатысушыларына жалпыхалықтық дауыс беру 25 наурызда басталды, деп хабарлайды nbusiness.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның 100 жаңа есіміне" дауыс беру басталды

Қатысушылардан өтінімдер 22 ақпан мен 22 наурыз аралығында қабылданды.  Осы уақыт аралығында Қазақстанның барлық өңірінен 7 номинация бойынша 2 790 өтінім келіп түсті. Сауалнамалар мәдениет және спорт, білім және қоғам номинациялары бойынша көп келген. Сондай – ақ, биыл жаңа "Экология" номинациясы қатарға қосылды. Қазақстандықтар 2021 жылғы 25 мен 31 наурыз аралығында өз кандидаттарына дауыс бере алады.

Дауыс беруші 100janaesim.ruh.kz сайтындағы қатысушының парақшасына
өтіп, фотосуреттің астындағы "дауыс беру" түймесін басу қажет. 

Бір IP-мекенжайдан әр номинациядағы бір адамға ғана дауыс беруге болады. 
Дауыс беру кезінде ең көп балл жинаған және қазылар алқасы іріктеген қатысушылар жобаның жеңімпазы атанады. Биылғы жылы қазылар алқасының мүшелері арасында өткен жылдардағы жобаның жеңімпаздары да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу