"Қазақстанның 100 жаңа есімнің" кезекті жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business.
Биыл жобаға 2 мыңға тарта азамат қатысуға ниет білдірген. Солардың тек 32-сі жеңімпаз деп танылды. Арасында шетелде туып өскен 28 жастағы қандасымыз Рүстем Ермекбай да бар. Ол ұлттық нақыштағы киімдерді шығарып, еліміздің 20 қаласында саудалап отыр. Сондай-ақ, арбаға таңылсада, әлемдік би сайыстарында топ жарып жүрген 19 жастағы Малика Мұхтарова да үздік деп танылды.
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жетістікке жеткен жандардың өмірін өзгелерге үлгі ете отырып, ел дамуына үлес қосуға, бәсекеге қабілетті болуға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу