Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасының нашарлауы болжануда

151

3 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасының төмендеуі күтіледі.   

Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасының нашарлауы болжануда Фото: Telegram-канал

Қазгидромет таратқан мәліметке сәйкес, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Астанада ауа ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл желсіздік немесе әлсіз жел, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.

Осыған байланысты тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластаушы көздерге жақын аумақтарда ұзақ уақыт болмау ұсынылады. Ал тыныс алу жолдарының, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар азаматтарға далаға шыққан кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру кеңес етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу