Қазақстанның 11 өңірінде 13 заманауи колледж салынады

402

Колледжер 20 мың орынға арналған.  

Қазақстанның 11 өңірінде 13 заманауи колледж салынады Фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова республикада 13 заманауи колледж салу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр кадр даярлау сапасы колледждердің материалдық-техникалық базасына тікелей байланысты екенін баса айтты. Жұлдыз Сүлейменованың мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен 174 колледж, жер қойнауын пайдаланушылардың қолдауымен 13 колледж жабдықталды.

"Соған қарамастан, 143 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет етеді. Осы мәселені жүйелі шешу үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға амортизациялық шығындарды енгізу, колледждерді жабдықтауға жеке инвестиция тарту және ірі кәсіпорындардың қамқорлығындағы мемлекеттік колледждерді нысаналы түрде жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 11 өңірде 20 мың орынға арналған 13 заманауи колледж салу жоспарланып отыр", – деді Оқу-ағарту министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл өңірлердегі тапшылықты азайтып, жастарды заманауи, жабдықталған ортада сапалы кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұған дейін министр жұмысшы мамандығын бітірген түлектердің қанша пайызы жұмыспен қамтылғанын айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу