Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

112

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: kaztag.kz

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні – 23 м/с.

Жамбыл облысының облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге, ал түнде 23-28 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу