Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

3054

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: azattyq-ruhy.kz
  • Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
  • Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
  • Қызылорда облысында түнде солтүстігінде, орталығында, күндіз шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. 09 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
  • Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
  • Астанада таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде тауларда, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15- 20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі.
  • Шымкентте күндіз кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
  • Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
  • Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с күтіледі.
  • Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу