Жоғары білім саласындағы жаһандық аналитикалық агенттік 2024 жылғы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі әлемдегі ең үздік университеттердің рейтингін жария етті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты QS World University Rankings агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғары оқу орындарының жұмысы келесі критерийлер бойынша бағаланды: қоғамдық ықпал, қоршаған ортаға әсер және басқару моделі. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне 95 ел мен аумақтардан 1397 жоғары оқу орындары кірді. Бұл өткен жылғы пилоттық басылыммен салыстырғанда, рейтингке қатысушылар санынан екі есе артық. Олардың ішінде Қазақстанның 12 жоғары оқу орны бар.
"Жетекші орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алады. Ол рейтинг нәтижелері бойынша өңірдегі ең үздік университет қана емес, сонымен қатар, әлемдегі ең үздік 500 университеттің қатарына кіреді. Одан кейін рейтингтегі қатысушы 700 үздік университеттің қатарына кіретін Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) алады. Сондай-ақ, тағы үш қазақстандық университет рейтингтегі үздік 1000 университеттің қатарында. Бұл Қазақстанның орнықты даму саласындағы ағымдағы күн тәртібіне ықпалының артып келе жатқанын айғақтайды", – делінген зерттеушілердің есебінде.
Бұдан бөлек, рейтингтегі жетекші орындарды Канада, АҚШ, Ұлыбритания және Жаңа Зеландия университеттері иеленді. Ал бұл елдердің университеттері тізімнің алғашқы бестігіне енгізілді.