Атырау облысы: Түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман, күндіз оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 20-25 наурыз аралығында Қызылқоға және Жылыой аудандарында өзендердің су деңгейі көтеріліп, елдімекендерді су басу қаупі бар.
Қостанай облысы: Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 20-22 наурыз аралығында өзендердегі су деңгейі көтеріліп, кейбір елдімекендерді су басу қаупі сақталады.
Қарағанды және Ұлытау облыстары: Түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз желдің күші 15-18 м/с дейін жетеді.
Алматы облысы: Оңтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Қонаев қаласында да жел күшейеді.
Павлодар облысы: Батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысы: Түнде шығысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысы: Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, күндіз жаңбыр күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысы: Оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысы: Түнде солтүстік-батысында тұман түседі.
Жамбыл облысы: Таулы аудандарда тұман, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысы: Батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Мамандар аталған өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді.