Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

976

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 12 наурызда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: Ашық дереккөз

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Алматыда түнде жене таңертең тұман түседі.

Абай облысының күндіз батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-батысында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстік-шығысында тұман.

Қостанай облысында қар, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 метрге жетеді.

Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе қар), облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облысының оңтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу