Қазақстанның 150-ден астам азаматы Испаниядан оралды

873

Қазақстанның Елшілігінің жүргізген келіссөздерінің арқасында "Belavia" әуекомпаниясы 28 наурызда ұшатын ұшағын үлкенірегіне ауыстырды.

Қазақстанның 150-ден астам азаматы Испаниядан оралды

28 наурызда Қазақстанның 44 азаматы (көпшілігі студент, бірнешесі – бала) "Belavia" әуекомпаниясының рейсімен Барселона әуежайынан Минск арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшып келді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

"Бұл Мадридтегі Қазақстан Елшілігі және Барселонадағы консулдық қызметкерлерінің тиімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Олар Испаниядағы азаматтарымызға күнделікті барлық көмек көрсетуді жалғастыруда",– дейді ведомстводан. .  

Қазақстанның Елшілігінің жүргізген келіссөздерінің арқасында "Belavia" әуекомпаниясы 28 наурызда ұшатын ұшағын үлкенірегіне ауыстырды.

ҚР СІМ Испанияда пандемияның өршіп тұрған (72 мыңнан аса адам жұқтырған) сондай-ақ рейстердің басым көпшілігі тоқтаған кезде Елшіліктің қол жеткізілген бұл келісімін жоғары бағалайтынын жеткізді.

"Бірнеше күн бойы қазақстандық дипломаттар отандастарын еліне ұшудың нақты жолдары туралы "қолма қол" хабардар етіп, тез арада билеттерді сатып алуға, жағдайды болжау қиын кезде ұшуды кешіктірмеу керек екендігі туралы ақпараттандырып, мүмкіндікті пайдалануға шақырды. Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттардың көмегімен 150-ден астам қазақстандық Испаниядан түрлі рейстермен ұшып кетті. Испанияға емделуге келген және кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына ерекше көңіл бөлінеді",– деп жазылған СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу