2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 168,9 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Оның 62 пайызы - фирмааралық берешекке, 26 пайызы - "Басқа секторлардың" байланысты емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышына, 8 пайызы - мемлекеттік сыртқы борышқа (Үкімет пен Ұлттық Банк), 4 пайызы - "Банктер" секторына (ЕДБ және "Қазақстанның Даму банкі" АҚ) тиесілі.
Мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 26,4 млрд АҚШ долларын құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу