Қазақстанның 20 төрешісі IAAF-ның арнайы сертификатына ие болады

527

Қазақстанның 20 төрешісі IAAF-ның арнайы сертификатына ие болады

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның 20 төрешісі Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) арнайы сертификатына ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 25-27 желтоқсан күндері аралығында Алматы қаласында халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) бағдарламасы бойынша төрешілердің біліктілігін арттыруға арналған оқу курсы өткен болатын.

Аталған оқу курсына  Қазақстанның әр аймағынан үздік 20 төреші таңдалып алған.  Олар - Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан келгендер. Қазылардың басым бөлігі  "Жоғары дәрежелі ұлттық төрешілер".

Қазақстандық жеңіл атлетика арбитрларына дәріс оқуға Азияның ең үздік төрешілерінің бірі - Вадим Нигматов келген. Тәжікстандық маманның жастығына қарамастан ірі халықаралық додалардағы тәжірибесі мол. Ол Азия ойындары мен Азия чемпионатында, бүкіләлемдік Универсиада, Олимпиада ойындары, "Гауһар лигада" төрелік еткен. 33 жастағы Нигматов 2006 жылы халықаралық дәрежедегі төреші атанды. Сөйтіп, жеңіл атлетикадағы әлемнің ең жас төрешісі атанды.

ҚР жеңіл атлетика федерациясы ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша, курстың мақсаты алдағы уақытта елімізде халықаралық додаларда төрешілік ететін жоғары деңгейлі арбитрлардың санын көбейту.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу