Қазақстанның 240 мыңнан астам ұстазы жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренді

298

Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді. 

Қазақстанның 240 мыңнан астам ұстазы жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренді Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖИ-ді экономика мен әлеуметтік салаға интеграциялау бойынша 240 мыңнан астам педагог промпт-инжиниринг дағдылары негізінде білім алғанын атап өтті.

"Жасанды интеллект ұстазды алмастырушы емес, оның көмекшісі. Біздің міндетіміз –педагогтерге күнделікті жүктемені азайту үшін ЖИ-ді енгізу", – деді Асылбек Ахметжанов баспасөз мәслихатында.

"Келешек мектептері" жобасы негізінде ЖИ-репетитор, ЖИ-емтихан алушы тестіленуде. Осы шешімдерді қауіпсіз кеңейту үшін Министрлік "QazTech" мемлекеттік платформасында барлық білім беру деректерін шоғырландыруды аяқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу