Қазақстанның 3 облысында автожолдар жабылды

124

Автожолдардың тазалығын қамтамасыз ету және күтіп-ұстау жұмысына 130 арнайы техника жұмылдырылған.

Қазақстанның 3 облысында автожолдар жабылды Фото: mail.ru

2026 жылғы 22 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар 21 автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қозғалыс дизель қозғалтқышы бар автокөліктерге, сондай-ақ қоғамдық көлікке шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыт бойынша қозғалыс уақытша тоқтатылған.

Ақмола облысында:

  • Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы, 304-341 және 856-915 шақырым аралығы;
  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы, 14-50 шақырым аралығы;
  • Көкшетау – Рузаевка, 0-61 шақырым аралығы;
  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл, 552-595 шақырым аралығы.

Қостанай облысында:

  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы, 683-729 шақырым аралығы;
  • Мәмлүт – Қостанай, 180-250 шақырым аралығы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу