Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арабиясынан оралды

820

Қазіргі уақытта Саудияда 100-ге жуық қазақстандық бар, олар сол жақта қалуды жөн санады. 

Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арабиясынан оралды

Біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Сауд Арабиясының мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен 24 наурызда осы елден біздің отандастарымыз елге жеткізілді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

"Қазақстанның Әскери-әуе күштері әскери-көлік авиациясының атсалысуымен Қазақстанның 33 азаматы Джидда - Ақтау бағыты бойынша аман-есен үйлеріне оралды. Бұл азаматтар Корольдіктің аумағында болған және Сауд билігі COVID-19 таралуына қарсы шаралар қабылдау аясында шектеу шараларын енгізіп, халықаралық әуе, жер үсті және теңіз қатынастарына толық тыйым салу салдарынан елден шыға алмай қалған",– деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта Саудияда 100-ге жуық азамат бар, олар сол жақта қалуды жөн санады. Көпшілігі келісімшарт бойынша корольдіктің түрлі қалаларында жұмыс істейді, оның ішінде туристік визамен келген және Мекке мен Медина қалаларында уақытша жүрген 11 адам бар. Елшілік пен Бас консулдық аталған азаматтармен тұрақты байланыста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу