Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

238

"Қазгидромет" 14 қарашада Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын жария етті. 

Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды Фото: pixabay.com

Сейсенбі күні ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы Алматы, Шымкент, түнде Астана, Атырау қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы тұрақты нормада болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығымен байланысты.

Сонымен қатар, қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу