Қазақстанның 4 облысында су қоймаларын реконструкциялау бойынша 5 жоба әзірленді

116

Жеті облыста 13 су қоймасы бойынша реконструкциялауды жобалау жұмыстары жалғасуда.

Қазақстанның 4 облысында су қоймаларын реконструкциялау бойынша 5 жоба әзірленді Фото: ortcom_kz

Бүгінгі таңда бес су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірленді: үшеуі – Жамбыл облысында, екеуі – Шығыс Қазақстан облысында, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Биыл тағы 8 су қоймасын реконструкциялау жобаларын әзірлеу жоспарлануда, бұл Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында", – деді ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, былтыр Абай облысындағы Шар су қоймасының, Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының, сондай-ақ Қостанай облысындағы Албарбөгет бөгетінің реконструкциясы аяқталып, пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу