Қазақстанның 4 өңірі ғана "жасыл аймақта"

1125

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның 4 өңірі ғана "жасыл аймақта" Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың 5 мамарындағы жағдай бойынша Маңғыстау облысында ғана коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарған. Өңір COVID-19 таралу қарқыны бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті. Осылайша, "жасыл аймақта" Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары аймақта" Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. 

"Қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр. 

Өткен тәулікте Қазақстанда 2 мың 298 адамның коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны анықталды. Пандемия басталғаннан бері елде барлығы 332 мың 369 жағдай тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу