Қазақстанның 40 азаматы Беларусьтен оралды

781

Олар медициналық тексеруден өткізіліп, карантинге жатқызылады.

Қазақстанның 40 азаматы Беларусьтен оралды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен біздің 40 отандасымызды, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6 баланы Қазақстанға қайтару жұмысы сәтті жүргізілді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

"Жол бойы азаматтарымызбен әскери дәрігерлер еріп жүрді, азаматтарымыздың деңсаулықтары жақсы, олардың арасында коронавирус жұқтыру белгілері тіркелмеген. Дегенмен, еліміздегі талаптарға сәйкес, инфекциялық бақылау талаптарын сақтай отырып, оларды медициналық тексеру мен карантин күтуде",– дейді баспасөз қызметінен.

Ведомство отандастарымызды елге жеткізудегі Қазақстанның Минск қаласындағы Елшілігінің дипломаттары мен қызметкерлерінің еңбегін атап өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу