Қазақстанның 5 айдағы тауар айналымы 55,7 млрд долларды құрады

474

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанның тауар айналымы 55,7 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 8%-ға артық. 

Қазақстанның 5 айдағы тауар айналымы 55,7 млрд долларды құрады Фото: Хабар 24

Оның ішінде:

  • Экспорт – $31,5 млрд
  • Импорт – $24,2 млрд

Негізгі серіктес елдер:

Экспорт бойынша (% үлес):

  • Италия – 19,8%
  • Қытай – 15,4%
  • Ресей – 12,8%
  • Корея Республикасы – 6,5%
  • Нидерланд – 6,3%
  • Түркия – 5,2%

Импорт бойынша (% үлес):

  • Ресей – 26,7%
  • Қытай – 24.2%
  • Германия – 5,1%
  • АҚШ – 4,7%
  • Корея Республикасы – 3,9%
  • Түркия – 3,7%

Экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (54,6%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (4%), кендер мен мыс концентраттары (3,6%), ферроқорытпалар (3,4%) және т. б.

Импорт бойынша ең көп үлес жеңіл автомобильдер (4,9%), телефон аппараттары (3,1%), шанақтар мен кабиналар (2,8%), дәрілік заттар (2,3%) және т.б. тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу