16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең 16 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100%.