"Қазақстан аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.
Бұйрыққа сәйкес, елдің бес аймағында автогаз бағасы қымбаттады:
- Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;
- Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендерде сұйытылған газ 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;
- Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін қымбаттайды;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;
- Абай облысы – 60 теңгеден 65 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендерде 65 теңгеден 70 теңгеге дейін қымбаттайды.
"Қазақстанның қалған өңірлерінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалардың өзгеруі жоспарланбайды", - делінген түсіндірмеде.