Қазақстанның 500 тонна гуманитарлық жүгі Сирияға жеткізілді

856

Қазақстанның 500 тонна гуманитарлық жүгі Сирияға жеткізілді

Сирияның Тартус қаласының портында Сирия билігіне  Қазақстаннан 500 тонна гуманитарлық көмек тапсырылды, оны жеткізуге Ресей тарапы жәрдемдесті деп мәлімдеді Сириядағы Ресей авиация тобының материалдық-техникалық камсыздандыру штабының өкілі подполковник Сергей Гречко. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды.

"Гуманитарлық көмек Қазақстан Республикасынан Тарту  портына Ресей Федерациясының әскери-теңіз флотының қосымша кемелері арқылы жеткізілді", – деді Гречко журналистерге.

Оның айтуынша, Қазақстан Сирия халқына шамамен 500 тонна гуманитарлық көмек жіберді, оның ішінде ұн, ет консервілері, күріш, макарон өнімдері және шай бар.

"Бұл азық-түлік гуманитарлық жасақ құрыманда соғыс амалдарынан ең көп зардап шеккен провинциялар бойынша бөлініп, халыққа тапсырылады", –  деп түсіндірді Гречко.

Тартус провинциясы губернаторының орынбасары, доктор Мухаммад Джари, өз кезегінде, көмек Алеппо, Латакия және Тартус провинцияларына жіберілетінін айтты.

"Қазақстан президентіне, халқына, Ресей әскеріне үлкен алғыс білдіреміз, бұл көмек біз үшін өте маңызды. Алеппода үш жыл бойы ланкестер болды, босқындардың саны көп, ал гуманитарлық көмек пен азық-түлік жоқтың қасы, ал бұл бізге қажет-ақ. Барлық қалаларда босқындар көп, олар көмек пен азық-түлік күтіп отыр", – деді ол.

Гуманитарлық көмектің дұрыс бөлінуін Сирия араб Қызыл жарты ай қоғамы бақылайтын болады.

"Жүк тексерілді, сапасы жоғары. Қызыл жарты ай қоғамының қадағалауымен азық-түлік осы қалалардың халқына тапсырылатын болады", – деп мәлімдеді ұйымның өкілі Фирас Карам.

Бұған дейін Сирияға Ресей мен Қазақстаннан бөлек, Әзербайжан, Армения, Белоруссия және Сербия гуманитарлық көмек жібергенін атап кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу