Сағат 8:45-тегі ақпаратқа сәйкес, еліміздегі қолайсыз ауа райына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық, деп жазады inbusiness.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Оған 500 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
3 қаңтардан бастап 2200 текше метр көктайғаққа қарсы материалдар жұмсалды.
"Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы жолдар жабық. Қолайсыз ауа райына байланысты Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарының республикалық трассаларындағы жағдай күрделі. Өткен тәулікте аталмыш өңірлерде қар құрсауынан 200-ге жуық көлік шығарылып, 346 адам құтқарылды", - делінген Ұлттық оператор таратқан мәліметте.