Қазақстанның 7 жасар пианиношысы Брюссельде топ жарды

696

Қазақстанның 7 жасар пианиношысы Брюссельде топ жарды

Брюссельде жас пианиношылардың "Merci, Maestro!" халықаралық байқауы өтті. Оның нәтижесінде Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушісі Биәлі Бикенов "Ең жас орындаушы" номинациясында лауреат атанды, деп хабарлайды inform.kz.

20-23 сәуір күндері өткен шығармашылық фестиваль Брюссельдегі П.И.Чайковский атындағы музыкалық мектептің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға 28 мемлекеттен 19 жасқа дейінгі 92 жас дарын қатысты. Бәсеке іріктеу кезеңі мен финалдан тұрды.

Бірінші кезеңде жеті жасар Биәлі Бикенов И.Бахтың "Шағын кіріспесін", М. Мошковскидің "№5 Этюдін" және Ғ.Жұбанованың "Аңызын" орындады. Ал ақтық сында Д.Кабалевскийдің "Сайқымазақтарын" және Л.В.Бетховеннің сонаталарының бірін ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу