Елімізден экспортқа деп шығарылуға рұқсат берілген 116 тауардың 76 –сы қазір шет елдерде сатылуда. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше өзге мемлекеттерге еліміздің агро өндіріс кешені, химия, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, машина құрастыру, қара және түсті метал салалары және ағаш өңдеу салаларынан тауарлар тасымалданады. Тағы 40 тауар түрі жуық арада экспортқа шығады. Олардың ішінде ет өнімдері, балалар киімі, шыны ыдыстар бар.
Айта кетейік тауарлардың шет мемлекеттерге шығуы олардың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу