Қазақстанның 9 аймағында 29 төтенше жағдай режимі сақталып отыр

188

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 16 мың адам жұмылдырылған. 

Қазақстанның 9 аймағында 29 төтенше жағдай режимі сақталып отыр Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан аймақтарындағы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаштың айтуынша, құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша жұмысқа 16 мыңға жуық адам мен 2500-ден астам техника жұмылдырылған. 

"Азаматтық қорғау қызметі 85 мыңнан астам адамды құтқарып, эвакуациялады, оның 30 мыңға жуығы балалар. Уақытша орналастыру орталықтарында 8 349 адам болса, оның 3 809-ы балалар", - деді Ерасыл Сайпаш.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 8 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды.

Жергілікті ауқымдағы 29 ТЖ режимі Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу