Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

148

22 қазан күндіз найзағай жарқылдайды.

Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: Pixabay.com

Күн райының қолайсыздығына байланысты Қазгидромет еліміздің 9 облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыстың батысында, орталығында 3 градус үсік жүреді.

Талдықорған қаласында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Қызылорда қаласында түнде найзағай күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с болады. 

Түркістан қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Түнде Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Тараз қаласында 21-22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу