Қазақстанның Әділет министрлігі мен Rolex соттасып жатыр

254

Қазақстанның Әділет министрлігі швейцариялық сағат шығарушы Rolex компаниясымен сот процесіне қатысты түсінік берді.

Қазақстанның Әділет министрлігі мен Rolex соттасып жатыр Фото: brandcolorcode.com/rolex

Еске сала кетсек, бұл компания өкілдері Астананың мамандандырылған ауданаралық сотына шағым түсірген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 19 маусымында Қазақстан азаматы үшін COSMO сауда белгісі тіркелген.

Сол жылдың 4 қыркүйегінде Rolex SA өкілінің атынан осы тауар белгісінің күшін жоюға қарсылық келіп түсті.

Швейцариялық компанияның пікірінше, отандық тұтынушы бұл тауар белгісін белгілі швейцариялық компаниямен, атап айтқанда оның Cosmograph сауда белгісімен байланыстырады.

Әкімшілік процедуралар шеңберінде Әділет министрлігінің апелляция алқасы бұл қарсылықты қарап, оны өзгеріссіз қалдырды.

2024 жылдың 20 ақпанында апелляция кеңесі Cosmo сауда белгісінің күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдады.

"Қарсылықты қараған огрган апелляциялық кеңес мүшелерінің пікірінше, Rolex SA компаниясының Cosmograph сауда белгісі мен Cosmo сауда белгісін тұтынушы бір деп қабылдауы мүмкін емес", - деп толықтырды Әділет министрлігі.

Қазіргі кезде Rolex SA өкілі әкімшілік іс жүргізу аясында апелляция шешіміне шағым түсірді.

20 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті, сот отырысы 5 маусымға белгіленді.

"Мұндай дау-дамайлар ерекшелік емес екенін және апелляциялық кеңестің шешімдеріне шағымдану әдеттегі тәжірибе екенін ескеру керек. Мәселен, 2023 жылы 87 шешімнің 21-і бойынша сот тәртібінде шағым жасалған", — деп толықтырды Әділет министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу