Қазақстанның аймақтары өмір сүру сапасы бойынша қалай ерекшеленеді?

Елдегі өмір сапасы көбінесе жан басына шаққандағы ЖІӨ арқылы бағаланады. 

Қазақстанның аймақтары өмір сүру сапасы бойынша қалай ерекшеленеді? Фото: pixabay.com

ҚР Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша Қазақстанда бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2,4 млн теңгені құрайды.

Бұл көрсеткіш елдер үшін ғана емес, сонымен қатар олардың жекелеген аймақтары үшін де есептеледі. Ол жан басына шаққандағы ЖӨӨ деп аталады.

Қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш тек 8 облыста республикалық деңгейден жоғары болды. Көшбасшы болып Атырау облысы (9,5 млн теңге) тұрды. Алматы одан әлдеқайда артта қалды (4,4 млн теңге). Бір қызығы, Ұлытау облысы (3,4 млн теңге) Астанадан (3,5 млн теңге) озып кетуге сәл ғана қалды.

Абсолютті аутсайдер – Түркістан облысы (0,7 млн теңге). Бұл Атырау облысымен салыстырғанда 13,5 есеге аз. Бір ғана жақсы жаңалық – "ең бай" мен "кедей" аймақтың арасындағы алшақтық жыл сайын азайып келеді. Салыстырар болсақ 6 жыл бұрын айырмашылық 19 есеге жуық еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу