Осыған байланысты еліміздің 6 өңірінде электр энергиясы сөндірілді, деп жазады inbusiness.kz.
"Апатқа қарсы автоматика арқылы Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы, Түркістан қалаларында электр энергиясы бойынша шектеулер енгізілді. Зақымдану орнын анықтау үшін "KEGOC" АҚ мамандандырылған бригадасы шықты. Сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-ін және Мойнақ ГЭС-ін қосымша жүктеу бойынша шаралар қабылданды", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу