Қазақстанның алтын валюта резерві 31,5 млрд долларға жетті

1048

Мамырда Ұлттық банк Ұлттық қорға құны 250 млн доллар болатын аффинирленген алтын сатқан. 

Қазақстанның алтын валюта резерві 31,5 млрд долларға жетті

Қазақстанның алтын валюта резерві 2017 жылдың күзінен бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алтын валюта резервінің деңгейі мамырда $950 млн долларға өсіп, $31,5 млрд доллар болды. Бұл еркін конвертирленетін валюталар активі өскендіктен болып отыр. Сонымен қатар, Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банктердің қаржысы артқан. Сондай-ақ, ұлттық қорға алтын резервтер жоспарлы түрде сатылған", – деді ол.

Айта кету керек, Ұлттық қордың активтері шамалы ғана өзгерген. Мамырдың соңында қордың нарықтық құны $58,48 млрд болған. Бұл айда Ұлттық қордан 650 млн теңге трансферт бөлінген.

"Ұлттық қордан шыққан шығын инвестициялық табыспен толық қайта жабылды. Ұлттық қордың инвестициялық табысы 670 млн доллар болды", – деді Әлия Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу