Қазақстанның әскери-әуе күштері тағы бір ұшақпен толықты

498

С-295MW әскери ұшағын испандық Airbus Defence and Space компаниясы шығарған.

Қазақстанның әскери-әуе күштері тағы бір ұшақпен толықты Фото: gov.kz

Әуе кемесі 69 әскери қызметші және 8800 келіге дейін жүк тасымалдауға арналған. Ол өз санатындағы ең сенімді әрі үнемділердің бірі болып келетін  Pratt & Whitney PW127G шығарған екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған. С-295МW ұшағы ең қолайсыз ауа-райы жағдайында да тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін заманауи ұшуды басқарушы жүйесімен және пилоттық-навигациялық жабдықтармен жасақталған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қысқа және орта іс-қимыл радиусындағы ұшақтың артқы жағында пандусы бар жүк кабинасымен жабдықталған. Әуе кемесі жеке құрамды тасымалдауға, десанттауға және жүктерді лақтыруға, әуеде бақылау жүргізуге және медициналық эвакуациялауға арналған. 

Айта кетейік, ұшақтың осы үлгісін пайдалану мақсатында ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам Испанияның Севилья қаласындағы Airbus Defence and Space оқу-жаттығу орталығында оқытылды. 

Мемлекеттік-қорғаныс тапсырысы шеңберінде жасалған шартқа сәйкес ұшақты қабылдау он күн ішінде жүргізілмек. Содан кейін ол мемлекеттік әуе кемелерінің тізіліміне енгізіліп, пайдалануға берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу