"Қарулы күштерде жауынгерлік оқу шаралары Қазақстан Президентінің армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
Оқу-жаттығуға Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов басшылық жасауда", – делінген министрлік мәліметінде.
Маневрлер барысында экипаждардың дайындық деңгейі жетілдірілуде. Сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында елдің аумақтық тұтастығын, егемендігін және экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындаудағы өзара іс-қимыл тәртібі пысықталып жатыр.
"Оқу-жаттығуда теңізде апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету бойынша экипаждардың құтқару іс-қимылдарына ерекше назар аударылған. Бұдан бөлек, әскери теңізшілер кемелерді диверсияға қарсы қорғау, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен шартты қарсыластың катерлеріне қарсы тұру шараларын жүргізу үстінде", – деп нақтылады ведомстводан.