2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан жалпы құны $381,9 млн болатын 2,4 млн тонна астық сатты, деп хабарлайды naryk.kz.
Экспорт көлемі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 10,4% азайса, түскен табыс 10,1% төмендеген.
Қазақ астығын ең көп сатып алатын ел Өзбекстан (954,8 мың тонна, $112,6 млн) және Тәжікстан (581,4 мың тонна, $94,2 млн).
Сонымен қатар Қытайға 213,7 мың тонна ($38,8 млн), Ауғанстанға 147,1 мың тонна ($23,9 млн) және Қырғызстанға 42,8 мың тонна ($24,9 млн) сатылған.
Ал осы уақытта $284,3 млн-ға 1,3 млн тонна ұн сатылған. Негізгі тұтынушы Ауғанстан (912 мың тонна, $196,5 млн).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу