Қазақстанның астық пен ұн экспорты 12,2 млн тоннаға жетті

269

Экспорт өсіміне сыртқы сұраныс пен логистиканың тұрақты жұмысы ықпал етті.  

Қазақстанның астық пен ұн экспорты 12,2 млн тоннаға жетті Фото: aqtobegazeti.kz

Қазақстаннан астық пен ұн экспортының көлемі артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың мамырына дейінгі аралықта астық эквивалентіндегі экспорт көлемі 12,2 млн тоннаны құрады.

Бұл көрсеткіш өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға жоғары. Ол кезде шетелге 10,7 млн тонна өнім жөнелтілген болатын.

Экспорт көлемінің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстан тарапынан сұраныстың артуы әсер еткен. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 38 пайызға өсіп, 5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,5 есе артып, 474 мың тоннаны құрады. Ал Ауғанстанға экспорт 58 пайызға ұлғайып, 2 млн тоннаға жеткен.

Сондай-ақ Түрікменстанға 197 мың тонна өнім экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44 пайызға жоғары көрсеткіш.

Мамандардың айтуынша, жүк тасымалы көлемінің артуы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл оңтүстік бағыттағы логистикалық дәліздердің тұрақты жұмысын және экспорттық логистиканы дамыту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін дәлелдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу