Ресейдегі астықтың мол түсімі Қазақстанды дәстүрлі нарығынан ысырып шығарды

860

Ресейдегі астықтың мол түсімі Қазақстанды дәстүрлі нарығынан ысырып шығарды

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаев астық экспортына арналған вагондардың тапшылығы неден туындағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазан - қарашада астық тиеу үшін вагон паркының қажеттілігі кезінде белгілі бір тапшылық байқалды. Осы орайда бұған тиісті мәселелер ықпал етті. Біріншіден, биыл Ресейде астық көлемі айтарлықтай көп шықты. Атап айтқанда, Ресейде -133 млн, Укараинада - 90 млн деңгейінде. Бұл астықтың осы ауқымды көлемі біздің дәстүрлі нарықтарға, яғни Әзербайжан, Грузия және Түркияға қарай бағыт алды. Нәтижесінде, біздің астық негізінен Ауғанстан нарығына қарай шоғырланды. Осы орайда ауған жағындағы инфрақұрылым Қазақстаннан жеткізілетін астық көлеміне сәйкес келмейтіні түсінікті. Бізде Галаба және Хайратон атты түйісетін стансаларда осы мерзімде белгілі бір кептеліс жағдайы орын алды. Сәйкесінше, жүк айналымы мен аталған бағытта вагондардың қайтарылу қарқыны төмендеді", - деп түсіндірді Нұржан Әлтаев парламент мәжілісі аграрлық мәселелер комитетінің отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Галаба стансасында 3,5 мың вагон тұр. Олардың бастапқылары 4 қарашада жөнелтілгенімен, әлі де Қазақстанға оралмады.

Вице-министрдің атап өтуінше, 2018 жылдың көктеміне дейін бидай импортына Иран тарапы енгізген шектеумен саладағы жағдай ушыға түсті. Иранға жоспарланған астық экспорты да Ауғанстан жағына қайта бағытталды.

Нұржан Әлтаевтың айтуынша, астық тиеуге арналған вагондардың тапшылығы туындаған кезде қажетті шаралар қабылданды. Бұл ретте басқа елдерден 2 270 вагон тартылды. Сонымен қатар аптаның соңына дейін Қазақстанға тағы 1 000  вагон, Жаңа жылға дейін - 500, ал  2018 жылдың 10 қаңтарына дейін тағы 500 вагон жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу