Еуропа мемлекеттерінің Ресей Федерациясына салған авиациялық санкциялары қазірдің өзінде Қазақстанның әуе картасына өзгерістер енгізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Аэрофлот" күн сайын санкцияға байланысты сырт мемлекеттерге рейстерінің тоқтатылатыны туралы хабарлауда. Әйтседе ресейлік әуе компаниялар жолаушылар тасымалының жаңа бағыттарын іздестіруде.
Атап айтқанда, "Россия" әуе компаниясы Мәскеуден Сочиге, Хургадаға, Шарм-әл-Шейхке, Дубайға, Гоаға және Санкт-Петербордан Хургадаға, Шарм-әл-Шейхке, Дубайға, Екатеринбордан Хургадаға және т.б. ұшу бағыттарын реттеді.
Сонымен жаңа Мәскеу – Сочи бағыты қазіргі жолдың шығысына қарай – Қазақстан арқылы өтеді. Ұшу уақыты Сочиге дейін 1 сағат 40 минутқа және кері 1 сағат 23 минутқа ұзарды. Бірақ Super Jet 100 ұшағымен орындалатын рейстің ұшу уақыты 1 сағат 11 минутқа артты. Екатеринбор - Хургада (Мысыр) жаңа бағыты Қазақстан арқылы өтеді, ұшу уақыты небәрі 31 минутқа ұзарды. Мәскеу - Гоа (Үндістан) бағыты бойынша рейс уақыты 30 минутқа артады (Қазақстан арқылы).
Алдағы уақытта да Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы өтетін рейстерінің саны артады деп болжануда. Бұған қазір Қазақстанның үстінен қанша ұшақ жолаушылар тасымалдағанын көрсететін ұшу радары дәлел.
Құралай Құдайберген