Қазақстанның әуе компаниялары ұшақтарының кешіккені үшін 24 млн теңге төледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық әуе компанияларының әуе кемелері паркін толықтыру мәселесін талқылады. 

Қазақстанның әуе компаниялары ұшақтарының кешіккені үшін 24 млн теңге төледі Фото: Yvision.kz

Кездесуде кестені уақтылы орындау және рейстер кешіккен және тоқтатылған жағдайда жолаушылардың құқықтарын қорғау шаралары талқыланды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Әуе компаниясының ықпалынан рейс кешіктірілген жағдайда, ұзақтығына байланысты жолаушылар алкогольсіз сусындармен, ыстық тамақпен, қонақүй, сондай-ақ қонақүйге дейін және кері көлікпен тегін қамтамасыз етілуі керек", – деп хабарлады комитетте.

Осылайша, шілде айынан бері рейстердің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарының бұзылуына байланысты қазақстандық әуе компаниялары 8 рет 8 000 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл 24 504 000 теңгені құрайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу