Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған, деп жазады inbusiness.kz.
Құжат 20 ақпанға дейін ашық талқылауға шығарылған.
"Мыс, алюминий, қорғасын, қара метал қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара метал құймалары, пайдалануда болған құбырлар, рельстер, теміржол төсемі мен жылжымалы құрам элементтері, қорғасын батареялары, құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар, химиялық түрі бойынша сұрыпталған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ, сұрыпталмаған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ түсті металдардың Қазақстан аумағы арқылы транзитін 3 жыл мерзімге шектеу енгізілсін" - делінген құжатта.
Қаулыға қосымша берілген түсіндірмеде бұл жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық салаға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді делінген.