Қазақстанның ауыр атлеті АҚШ-та өткен әлем чемпионатының ең үздік спортшысы атанды

963

Лас-Вегаста ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталып, халықаралық ауыр атлетика федерациясы дүбірлі доданы қорытындылады.

Қазақстанның ауыр атлеті АҚШ-та өткен әлем чемпионатының ең үздік спортшысы атанды

Жасөспірім ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Сайхан Тайсуев әлемдік сынның ең үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол осы салмақта әлем рекордын орнатып, чемпиондық атақты жеңіп алған болатын. 

Одан бөлек, Қазақстан командасының еншісінде тағы да төрт алтын бар. 

АҚШ-тағы әлем чемпионатына 42 елден жалпы есебі 175 спортшы қатысты. 26 мемлектетің атлеттері жүлдеге иелік етті, оның ішінде 15 мемлекет алтын медаль жеңіп алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу