Ресей Ауыр атлетика федерациясы президентінің міндетін атқарушы Максим Агапитов Ресей Ауыр атлетика федерациясы допинг мәселесін шешудің қандай жолын ұсынғанын айтты, деп хабарлады sports.kz.
"2016 жылдың соңына дейін ешкім спорттан шеттетілмейтінін айтуға болады. Бұл мәселеге Спорттық арбитраждық сот пен Халықаралық олимпиада комитеті құқықтық баға беруі керек, осы ұйымдармен кеңес өткізуден кейін ғана белгілі бір шешім қабылданады. Допинг мәселесі басты назарда болмақ", - деді Агапитов.
ҚазАқпарат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу