Қазақстанның ауыр атлеттері Ашхабадта алғашқы жаттығуын өткізді

1558

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 1-10 қараша аралығында өтеді. Бұл дода 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия береді.

Қазақстанның ауыр атлеттері Ашхабадта алғашқы жаттығуын өткізді

29 қазанға қараған түні ауыр атлетикадан Қазақстан командасы 2018 жылғы әлем біріншілігіне қатысу үшін Ашхабадқа ұшып келді деп хабарлайды Olympic.kz.

Ауыр атлеттер Түркменстан астанасындағы алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді. 

Аталған әлем біріншілігінің біздің құрама үшін маңызы зор. Себебі, зілтеміршілер жаңа олимпиадалық салмақтар бойынша сынға түседі. Одан бөлек, бір жылдық үзілістен соң Қазақстан командасы әлемдік додаға қайта оралып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу