Қазақстанның автожолына 25 млрд теңге инвестиция тартылады

669

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мен Far Eastern Electronic Toll Collection Co., LTD компаниясы және қазақстандық "Computer Vision Technologies" ЖШС Консорциумы арасында инвестициялық шартқа қол қойылды.  

Қазақстанның автожолына 25 млрд теңге инвестиция тартылады

 

Келісім "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес автожол саласындағы интеллектуалды жүйелерді дамытуды және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарының ұзындығын ұлғайтуды көздейді, деп хабарлайды government.kz. 

Шартқа сәйкес, Консорциум республикалық маңыздағы ҚР 11 мың шақырым автокөлік жолдарына төлемақы алу жүйесін енгізуді жүзеге асырады. Жобаны іске асыру 2 кезеңнен тұрады: 2020 жылы — 5,7 мың шақырым ("Батыс Еуропа – Батыс Қытай" дәлізі және т. б.), 2021-2024 жылдары — 5,3 мың шақырым ("Қарағанды – Балқаш – Алматы", "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" және т. б.).

Консорциум инвестицияларының көлемі 25 млрд теңгеден асады, қайтару мерзімі – 11 жыл. Жобаның іске асырылу және ақталу нәтижелері бойынша Төлемақы алу жүйесі инфрақұрылымымен бірге мемлекет меншігіне – "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға өтеді. 

Жоба 500-ден аса жаңа жұмыс орнын құруға, отандық компаниялардың интеллектуалды көлік жүйесі саласындағы құзыреттерін арттыруға, автомобиль жолдарының сапалық қамтылуы мен сақталуын қаржыландыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік құралдарының жылдамдық режимін бақылау жүйесімен толық қамту арқылы олардың апаттылығын төмендетуге мүмкіндік береді. 

1 техникалық санаттағы жолдармен жүру ақысының мөлшерлемесі ҚР-да пайдаланылатын басқа да ақылы жолдардағы тәрізді болады. 2 және 3 техникалық санаттағы жолдарда жеңіл автокөліктер үшін жол жүру тегін. 

Төлемақы алу жүйесі шлагбаумсыз – ашық болады. Бағдарламалық қамту жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын "Нұр-Сұлтан – Щучинск", "Нұр-Сұлтан – Теміртау", "Алматы – Қапшағай" және "Алматы – Қорғас" учаскелерінде жұмыс істеп тұрған "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ төлемақы алу жүйесімен" кіріктіріледі. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу