Қазақстанның азық-түлік өнімдері Ингушетияға экспортталады

1095

Қазақстанның азық-түлік өнімдері Ингушетияға экспортталады

Қазақстанның азық-түлік өнімдері Ингушетияға экспортталады. Мұндай келісімшартқа Ингушетия сауда үйі мен Қазақстан сауда өнеркәсіптері қауымдастығы қол қойды, деп хабарлайды 24.kz.

Екі тарап ынтымақтастық туралы келісімге Мәскеу аймағындағы "Фуд-сити" ірі ауылшаруашылық кластеріндегі көрме мен Наурыз мейрамын атап өту кезінде қол жеткізді. Көрмеге Қазақстаннан 40-тан астам компания қатысып, келушілерге 2 мыңға жуық өнім түрлерін ұсынды. Ал жалпы бұл ауылшаруашылық кешенінде Ресейдің 70 аймағы мен әлемнің 40 елінің сауда үйлері орналасқан. Бұл тауар өндірушілерге өз өнімдерін тікелей жеткізу туралы келісім жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан тауарларының алғашқы легі Ингушетияға жақын арада жеткізілетін болады.  "Біз екі ел арасында тауар айналымын жолға қойып, әріптестік қатынас орнатуды қалаймыз. Алдымен 20 тонна өнім жіберу туралы келісіп, тапсырысты жан-жақты дайындауға кірістік", - дейді Dastarkhan MSK компаниясының бас директоры Талғат Бердалиев.

"Алдымен тауарлар Ингушетиядан Мәскеуге жеткізіледі. Содан соң бұл көліктер бос келмей Қазақстан өнімдерін алып қайтады. Ал оның көлемі артқан соң, қазақстандық тауарлар Ингушетияға тікелей жеткізілетін болады", - дейді Ингушетия сауда үйінің өкілі Самир Раджабов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу