Қазақстанның бағалы бұйымдар нарығында шетелдің үлесі артты

1305

Қазақстанның бағалы бұйымдар нарығында  шетелдің үлесі артты

Қазақстанға шеттен зергерлік әшекей бұйым мен сәндік заттар көбірек тасымалдана бастады.  Осы жылдың сегіз айында елімізге қымбат металдан жасалған бұйым жеткізу өткен жылмен салыстырғанда 30,4 пайызға ($9 млн) өскен, деп хабарлайды LS.

Бағалы бұйымның дені Италиядан әкелінген ($2,2 млн), сонымен қатар Ресей ($1,7 млн)  мен Швейцариядан ($1 млн) да тасымалданған. Тай елі ( $945,3 мың) мен АҚШ-тың ($816,2 мың), Ұлыбританияның ($650,5 мың) да әшекейлері жеткізіліпті. Германия Қазақстанға $488,2 мыңға асыл бұйым сатса, Франция $280,4 мыңға қымбат заттарын саудалаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу