Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында қандай өзгерістер болып жатыр?

1365

Елімізде биржалық сауданың өсуі инвесторлардың қызығушылығын арттыруда.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында қандай өзгерістер болып жатыр?

Қаржы секторының дамуы және Қазақстан халқының қаржылық сауатының артуы жағдайында бағалы қағаздар нарығының маңызы ерекше. Елімізде қор нарығы айтарлықтай өсуде. Оған дәлел ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚРҚБК) қаржы секторына шолуы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру көрсеткіші. 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ол 28,9 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылдың қыркүйегінде 1,9%-ға немесе 533, 5 млрд теңгеге өсті. Сонымен қатар жыл басынан бері өсім 51,3%-ды құрады.

2021 жылдың қыркүйегінде акциялардың сауда-саттық көлемі 87,3 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылдың тамыз айындағы көрсеткіштен 7,3 есеге немесе 75,3 млрд теңгеге жоғары болды. Жыл басынан бері 187,5 млрд теңгені құрады.

2021 жылдың қыркүйегінде биржадағы саудадағы корпоративтік қарыз көлемі 5,6%-ға төмендеп, 14,2 трлн теңгені құрады. Айналымдағы облигациялар көлемінің азаюы қор биржасының ресми тізімінен мемлекеттік емес облигациялардың бірқатарының шығарылуына байланысты.

Жалпы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қор биржасының ресми тізімінде 122 эмитенттің 137 акциясы және 74 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 312 шығарылымы болды. 2021 жылдың қыркүйегінде KASE индексі 6,7%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу