Еліміз 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында шетелге 9,8 мың тонна балмұздақ жеткізген.
Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 70%-ға көп.
Олардың 69%-ы – Ресейге, 20%-ы – Қырғызстанға, 9%-ы – Өзбекстанға тиесілі.
Үшеуі де бізден балмұздақ сатып алуды көбейткен. Экспорт өндірістің аздап төмендегеніне қарамастан өсіп отыр.
2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында жалпы көлемі – 49,4 мың тонна, бұл бір жыл бұрын дәл осы айлардағы көрсеткішке қарағанда 3%-ға төмен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу